Вакциналауға 12 жастан асқан оқушылардың тізімі жасалып жатыр деген ақпарат жалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакциналауға 12 жастан асқан оқушылардың тізімі жасалып жатыр деген ақпарат жалған

13.09.2021

12 жастан асқан оқушылардың екпе егу үшін тізімдері жасалып жатыр деген ақпарат жалған. Білім және ғылым министрлігі мұны жоққа шығарып отыр. Айта өтейік, әлеуметтік желіде Қызылорда облысына қарасты Жалағаш аудандық білім басқармасының бұйрығы жүр. Онда мектеп директорлары 9 қыркүйекке дейін вакцинациялау үшін 12 жастан асқан балалардың тізімін әзірлесін деген пәрмен берілген. Басқарма басшысы болса бұл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінен түскен нұсқау дейді.

Еске салайық, шілде айында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы қазан айында елге Pfizer вакцинасы жеткізілетінін айтқан еді. «Екпе ата-ана немесе қамқоршының рұқсатымен ғана 12 жастан асқан балаларға егіледі», - деді Айжан Есмағамбетова.

Айта өтейік, елде 12 мен 18 жас аралығында екі миллион ұл-қыз бар. Ал, жалпы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алғандар саны бүгінде 6 млн-ға жуықтады. Бұл екпе алатын азаматтардың 60 пайызы. Бір тәулікте індетті 3088 адам жұқтырып, індееттен 70 адам көз жұмды. 

Ләйлә Дулатқызы

Хабарламаларға жазылу