Осы аптада Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

12.09.2021

Жоғары атқарушы биліктегі өзгерістер туралы. Бейсенбіде Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі лауазымына тағайындалды. Ал Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Мырзағалиевтің орынбасары болған Серікқали Брекешев тағайындалды.

Мырзағалиевтің Энергетика министрі болатыны, Президенттің Жарлығымен Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылып, орнына Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев тағайындалған. Апта соңында Трұмовтың Сенат депутаты болып тағайындалғаны хабарланды.

Маңғыстау облысы дегенде биылғы қуаңшылық пен оның зардаптары ғана емес, мұнай сервис компанияларында істейтін жұмысшылардың ереуілдері де ауызға оралады. Соңғы апталарда екі компанияның еңбекшілері наразылық білдіріп отыр. Бір ереуілді сот заңсыз деп таныған. Олар жалақыны көтеруді, өздері құрған тәуелсіз кәсіподақ жұмысына кедергі келтірмеуді талап етеді.

Қызмет көрсетумен айналысатын болғасын, мұнайшы емессіңдер деген де айтылады екен. Жұмысшылардың жауабы: биылғы жұттан қорамыздағы малымыздан айырылдық, айлықтың түрі анау.


Хабарламаларға жазылу