Алматыда дизель тапшылығы байқалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дизель тапшылығы байқалуда

10.09.2021

Алматыда дизель жетіспей жатыр. Жүргізушілердің айтуынша жанармай бекеттері оны тек талонмен беруде. Ал кейбірінде солярка мүлдем жоқ.

Бұған дизельге сұраныстың артуы себеп дейді мамандар. Айтуларынша қазір ел бойынша күзгі егін жинау науқаны жүріп жатыр. Сондықтан мұндай шектеулер бір-екі апта сақталады. Кейін жетіспеушілік болмайды деп сендіріп отыр. Қалада солярканың 7-8 күндік қоры бар. Ал сарапшылар болса енді Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Орал, Қарағанды қалаларында да тапшылық болуы мүмкін деп болжап отыр. Бұған дейін Тараз бен Шымкентте жүргізушілер дизель таппай қалған еді. Тапшылықтан баға 300 теңгеге дейін шарықтап, көліктер ұзын-сонар кезекте тұрған болатын.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу