Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды

10.09.2021

Президент Жарлығымен Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды. Үкімет басшысы бүгін жаңа министрді ресми түрде таныстырды. Экологиялық кодексті тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, орман қорын ұлғайту, су ресурстары мен балық шаруашылығын басқару жүйесін дамытуға қатысты міндеттер айтылды. Серікқали Брекешев бұған дейін энергетика және минералды ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде, «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамында еңбек еткен. 2020-жылдың наурызынан экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу