Ертең Ұлттық арна эфирінде «Qazaqstan дауысы» жобасының кезекті үміткерлері бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Ұлттық арна эфирінде «Qazaqstan дауысы» жобасының кезекті үміткерлері бақ сынайды

10.09.2021

Ертең Ұлттықарна эфирінде «Qazaqstan дауысы»  жобасының кезекті үміткерлері бақсынайды. Өткен сенбіде  «Көрмей тыңдау» кезеңінің алғашқы шығарылымында 12 қатысушының ең үздіктері іріктеліп алынған еді. Тәлімгерлерді жезтаңдай дауысымен таң қалдырған өнерпаздар қазір келесі кезеңге қызу дайындалып жатыр.

Жобаға қатысуға өтініш берген 6 мыңнан астам өнерпаздың бірі Медет Орынбаев алғашқы кезеңде төрт тәлімгерді де өзіне қаратты. Ол талантқа таласқандардың ішінен Маржан Арапбаеваны таңдады.

Бұған дейін ауқымды жобаларға қатыспаған Ақтөбелік әнші сахнаға шығар алдында қатты қобалжығанымен, дер кезінде өзін қолға алғанын айтады.

Медет Орынбаев, жобаға қатысушы: 
Түсірілім біткен кезде, өзімнің гримерный бөлмеме барған кезде, сұрақтар туындай бастады. Неге осылай шықпады деп... Бірақ эфир трансляцияға шыққан кезде, ол сұрақтардың барлығы жоғалып кетті.

Тәлімгерлерді түгел тәнті етіп, келесі кезеңге өткендердің тағы бірі – Інжуна Болат. Қытай халықреспубликасынан келген не бәрі 19 жастағы әнші әрі қарай Әлемнің тобында өнер көрсетуді жөн көрді.

Үміткер көптеген аспапты меңгерген, бірнеше тілде ән салады және өзіне сенімді. Дегенмен, алғашқы кезеңде кіл мықтымен иықтіресу оңайға соқпады дейді ол.

Інжуна Болат, жобаға қатысушы: 
Ана жерде қорқып, аяғым дірілдеп, шыға алмай ана жерде, сосын сахнаға әбден отырған кезде құлағымдағы наушник түсіпті. Бәрі қобалжудан басталды. Сосын шырақөзіме қарай түскен кезде әзер өзіме келдім.

«Көрмей тыңдау» кезеңінен сүрінбей өткендердің бірі - Бахтияр. Өткен сында тәлімгерлер оның саксафонда ойнағанына жоғары баға беріп, Маржан Арапбаеваның тобына қосылған еді. Енді барынша вокалдықмүмкіндіктерімді көрсетуге күш саламын, дейді жас өнерпаз.

 Бахтияр Ақылбек, жобаға қатысушы: 
Менің туыстарым, яғни ата-анам, бауырларым үлкен қолдау көрсетеді. Ол кісілер теледидардан кешке көрсетсе, ертеңгі күні қайталауына дейін көріп, ютубтан да қарап, үйге туыстар келсе, соларға көрсетіп, міне, біздің баламыз деп айтып, қуанып жүр.

 Кезекті жоба қатысушысы Руслан жас та болса 4 бала тәрбиелеп отырған бақытты әке. Оның басты қолдаушылары да балалары мен жан-жары. Ата-анасы Ресейде болса да ұлының Қазақстан дауысында көрсеткен өнерін қалт жібермей тамашалайды екен. Өткен бағдарламада Руслан Әлемнің тобына қосылған еді.

Руслан Ажигалиев, «Qazaqstan дауысы» жобасының қатысушысы: 
Мен «Qazaqstan дауысы» жобасы туралы бұрыннан білдім. Алғашында қатысам деген ой болған жоқ. Бірақөнерде жүрген барлықтаныстарым, жұбайым мен ата-анам осы жобаға қатысқанымды қалады. Енді өзімді, өнерімді танытатын сәт туған сияқты.

Еліміздің түкпір-түкпірінен шынайы таланттардың басын қосатын бірегей жобаға 100-ден аса әнші іріктеліп алынды. Сондықтан, тәлімгерлер өнер додасының тартысты өтетіндігіне сенімдіміз дейді.

Сәкен Майғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: 
Жүзден жүйріктерді көргенде шынында қазақтың сондай дана, дара, дарынды халықекеніне кезекті рет көзің жетеді.  Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз ұлттық өнерімізді, қазағымыздың кең даласының кең диапазонын көрсетуге мүмкіндік аламыз деп ойлаймын.

Еліміздегі ең ауқымды музыкалықсайыстың жеңімпазы жыл соңына дейін анықталмақ. Жобаның кезекті шығарылымы ертең, кешкі сағат 20:40-та көрерменге жол тартады.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу