Жолдауды жүзеге асыруға бюджеттен 215 млрд теңге қарастырылған

09.09.2021

Президент Жолдауын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 215 млрд теңге қаралған. Ал "Nur Otan" партиясы бағдарламасындағы міндеттерді іске асыру үшін 4,3 трлн теңге жұмсалмақ.Бұл қаржы барлық салаға, оның ішінде әлеуметтік саладағы мәселелерді шешуге бағытталады. Кепілдендірілген трансферт көлемі келер жылы 2,4 трлн теңге болса 2024 жылға дейін 2 трлн теңгеге кемиді. Жоспар бойынша келер жылы бюджет кірісі 13 трлн теңгеден асады. Мұнай экспортынан өзге табыс 25 пайызға артады. Қара алтыннан түсетін қаржы 1,3 трлн теңгеге азайып, қаражат пандемия кезінде ортайып қалған Ұлттық қорға құйылады.

Азамат Амрин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі: 
Республикалық бюджеттің кірістері, 2022 жылы 9,2 трлн теңге, 2023 жылы 9,7 трлн теңге, 24 жылы 10,4 трлн теңгені құрайды. Кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы 2,4 , 2023 жылы 2,2 , 2024 жылы 2 трлн теңге мөлшерінде айқындап, әлеуметтік міндеттемелер ұсынылып отыр. оысы ескере отырып 2022 жылы 2024 жылғы кепілдендірілген трансфертті анықтап, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отыр.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу