Сенат Армениямен электр энергетикасына қатысты құжатты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Армениямен электр энергетикасына қатысты құжатты қабылдады

09.09.2021

Сенат Армениямен электр энергетикасы саласындағы тиімді ынтымақтастыққа арналған құжатты қабылдады. Енді Еуразиялық одақ елдері арасында баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздері бірлесе қаралады. Яғни, одаққа мүше мемлекеттердің энергия желілерін оңтайлы пайдалануына мүмкіндік жасалды. Хаттама бұған дейін Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей тарапынан ратификацияланған болатын.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 
Қазіргі таңда экономиканың рөлін арттыруда электр энергиясының алар орны ерекше. Сондықтан бұл заң ұйымға мүше елдердің энергетика саласындағы ынтымақтастығын дамытуға оң әсерін тигізеді деп сенеміз.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу