Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды

09.09.2021

Президент Жарлығымен Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды. Оны министрлік ұжымына үкімет басшысы Асқар Мамин таныстырды. Бұған дейін осы қызметті атқарған Нұрлан Ноғаев лауазымынан босатылып, Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді. Ал Мағзұм Мырзағалиев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып қызмет етті. Еңбек жолын 2001 жылдан бастаған ол, бірнеше компанияда, мемлекеттік органдарда жетекшілік қызметте болған.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу