Биыл елордада 8 мыңнан аса жұп отбасын құрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елордада 8 мыңнан аса жұп отбасын құрды

09.09.2021

Елордада биыл отбасы құрғандар саны екі мыңға артып, 8 мыңнан аса неке қиылды. Бұл туралы АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова мәлімдеді. Дүниеге келген сәбилер де былтырғыға қарағанда көбейіп отыр. Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері 23 мыңнан астам нәресте дүние есігін ашты.

Елде қыркүйектің екінші жексенбісі — Отбасы күні. Осыған орай «Бәйтерек» монументінде шаңырақ көтерген жеті жұпқа неке қию куәлігі тапсырылды.

Некесін қиған жұптың бірі - 8 жыл бұрын танысқан Медет пен Әнел. Екі жылдан бері Канадада білім алып жүрген жастар отбасын Отанға келіп құруды жөн санаған. Білімін шыңдаған соң олар елге келіп еңбек етуді армандайды.

Медет Сегізбаев, Брок университетінің студенті:
Мамандықтарымыз жақын болғандықтан болашаққа қойған мақсаттарымыз да жақын. Сондықтан да болар ара қатынасымыз жақсы жүріп жатқан сияқты. Өйткені болашаққа деген көзқарасымыз ұқсас.

Хабарламаларға жазылу