Ногинск қаласындағы тұрғын үйде газ жарылып, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ногинск қаласындағы тұрғын үйде газ жарылып, 2 адам қаза тапты

08.09.2021

Бүгін таңертең Мәскеу маңындағы Ногинск қаласындағы тұрғын үйде газ жарылып, 2 адам қаза тауып, жетеуі зардап шеккен. Жараланғандардың арасында балалар да бар. Тергеу комитетінің мәліметінше, көппәтерлі ғимараттың қабырғасы жартылай құлаған және үйінділер астында адамдар қалып қоюы мүмкін.

Жарылыстан 2003 жылы салынған үйдің бірінші кіреберісінде 3 немесе 4 пәтер қираған. Қауіпке байланысты 173 адам эвакуацияланды. Қазір апат болған жерде 60 шақты адам мен 24 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу