«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа телехикаялар идеясына талқылау ұйымдастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа телехикаялар идеясына талқылау ұйымдастырады

08.09.2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа телехикаялар идеясына талқылау ұйымдастырады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Көркемдік кеңес мүшелері ASTANA MEDIA WEEK медиаапталығы аясында продакшн компаниялармен кездесіп, 2022 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстар қабылдауға әзір. Егер телехикая өндірісіне үлес қосқыңыз келсе, тың идеяларыңыз бен өнім өндіруге мүмкіндігініңіз болса, 27 қыркүйек, сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазмедиа» орталығында өтетін кездесуге шақырамыз.

Бұған дейін Корпорация 2022 жылға арналған сериалдар жобасына ұсыныстар қабылдау туралы байқау жариялаған болатын. 10 тамызда басталған байқау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Ал ASTANA MEDIA WEEK аясында жобаңызды Корпорацияның Көркемдік кеңесі мүшелеріне таныстырып, қорғауға мүмкіндігіңіз бар.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (717) 2 75 71 08.

ASTANA MEDIA WEEK «Қазақстан» телерадиокорпорациясы телехикая

Хабарламаларға жазылу