Алматы онлайн санақтан өткендердің саны бойынша көш бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы онлайн санақтан өткендердің саны бойынша көш бастап тұр

08.09.2021

Елімізде 662 мың 850 респондент онлайн санақтан өтті. Бір тәулік ішінде 209 мыңнан аса адам сауалдарға жауап берген. Осылайша, тәуліктік рекорд жаңарды. Алғашқы жеті күннің қорытындысына сай Алматы қаласы алда тұр. 88 595 тұрғын санақтан өткені туралы хабарлама алған. Елордада онлайн санақтан 87 275 адам өтті. Үшінші орында Алматы облысы. 62 392 адам санақ сауалдарына жауап берді. Үздік бестікті Түркістан мен Атырау облыстары қорытындылады.

Әлеуметтік желілерде сауалнамадағы «Сіз қанша тірі бала тудыңыз?» деген сұрақ қызу талқыланып жатыр. Аталған сауал Еуропалық статистиктердің ұсынысымен қосылған, - дейді Ұлттық статистика бюросының өкілдері. Алынған мәліметтер туу мен нәресте өлімі көрсеткішін салыстыру және бағалау үшін қажет.

Айта кетейік, sanaq.gov.kz сайты 15- қазанға дейін тәулік бойы жұмыс істейді. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында санақшылардың сауалдарына жауап бере алады. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу