Елімізде тұрғын үй бағасы арзандап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұрғын үй бағасы арзандап жатыр

07.09.2021

Елде баспана арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің айтуынша, нарықта жаңа үйлердің бағасы 3 пайыздан 0,4 пайызға,  қолданыстағы пәтер құны 5 проценттен 1,1 процентке төмендеген.

Мәселен, Алматыдағы бірнеше тұрғын үй кешені бағаны 15%-ке азайтқан. Яғни шаршы метрінің құнын 90 мың теңгеге дейін түсірген. Сонымен бірге елордада құрылыс компаниясы 50-ден аса тұрғын үй кешенінің құнын 8%-ке төмендетті. Жұманғаринның сөзінше, ескертуден кейін тағы бірқатар үй салушы баспананы арзандатқан.


Хабарламаларға жазылу