Босния және Герцеговина - Қазақстан ойыны тікелей эфирде көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Босния және Герцеговина - Қазақстан ойыны тікелей эфирде көрсетіледі

07.09.2021

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Босния және Герцеговина командасымен кездеседі. Матч келесі жылы Катар елінде өтетін Әлем чемпионатына іріктеу аясында өтіп жатыр. Еуропаның Д тобында өнер көрсетіп жатқан құрамалардың қазіргі жағдайы мәз емес. Қос команда да 2 ұпайдан еншілеп, кесте соңында келеді. Айта кетейік Талғат Байсуфиновтың шәкірттері соңғы екі ойында азулы Украина командасымен 2-2 есебімен тең түсіп, сырт алаңда Финляндия ойыншыларына 1:0 есебімен есе жіберді. Босния және Герцеговинамен өтетін ойын бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 00:35-те басталады. Матчты  «Qazaqstan» және «Qazsport»  арналарынан тамашалай аласыздар.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу