Мемлекеттік органдардың қызметтерін электронды жүйеге толығымен ауыстыру ісі біртіндеп шешілуі керек. Қазір елімізде 10 мың IT маман бар, бірақ күнделікті қызметтерді тереңдетілген сандық жүйеге көшіру мақсатында 100 мың маман қажет. Бұл межеге қол жеткізуге барынша қолдау көрсетіп келе жатқан мекемелер де бар.
Нарығымыздағы IT қызметтер, оның аясында мемлекеттік органдардың өзара қызмет алмасу процестері кейінгі жылдары шыңдалып, өмірге бейімделіп келеді. Сайттардың, қосымшалардың мүлтіксіз жұмыс істеп тұруын холдинг қызметкерлері қадағалап отырады.
Арман Әбдірәсілов, «Зерде» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы:
Жақсы жағы да бар, жаман жағы да бар. Кейбір кездері сервистердің қызметі тоқтап қалады. Жөндеу жұмыстары болады. Немесе көптеген адамды пайдаланылған кезде нешетүрлі қателер тудырып жатыр. Сол қателердің бәрін жөндеу үшін өзіміз ақша даярлап, осы проектке инвестиция жасайын деп жатырмыз.
Холдингтің басты бағыттардың бірі - ол айти мамандардың санын мейлінше ұлғайту. Алайда, бұл жұмыс жүйелі жүргізілуі керек. Құрылымға еншілес компания Astana Hub стартапы бар үміткерлерлерге гранттарды ұсынып қана қоймай, мамандарды даярлаудың басқа да жолдарын қарастыруда.
Марлен Сихаев, «Зерде» ұлттық холдингінің басқарма төрағасының орынбасары:
08.12 кеше Президенттік Жолдауда айтып отыр 100 мың кадр дайындау бұл деген енді бір Астана Хабтың өзінің үлесі ғана болмауы керек. Бұл деген енді білім беру жүйесі. Одан кейін осындай балама кәсіптік білім беру жүйесіне тиесілі болуы керек.
Еліміздегі IT нарығы үлкен емес. Алайда мамандардың санын ұлғайту үшін жұмыстың кешенді жүргізілгені абзал. Оған дайын инновациялардың, жүйрік интернеттің, IT мамандардың өзара қарым-қатынас жүргізуіне қолайлы ортаның болуы да қашанда маңызды.
Ламбриан Топузидис