Жетінші Армия халықаралық ойындары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетінші Армия халықаралық ойындары аяқталды

06.09.2021

Жетінші Армия халықаралық ойындары аяқталды. Сайыс бағдарламасына далалық, әуедегі және теңіздегі машыққа арналған 34 конкурс енгізілген. Оған 40-тан астам елдің әскери қызметшілері қатысты. Қазақстандық әскери қызметшілер осы байқаулардың он бірінде бақ сынады. Олардың екеуі еліміздің аумағында өтті. Жалпы Армия ойындары – әскери дайындықтың жаңа түрі. Жарыс арқылы жауынгерлер өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіреді. Бейтаныс полигондарда, басқа елдердің әскери күштерімен өткір бәсекелестікте әрекет етуге үйренеді. Қазақстандық әскери қызметшілер бұл сайыстарда жемісті өнер көрсетті. Біздің жауынгерлердің қоржынында екі «алтын», бір «күміс» және сегіз «қола» медаль. Біздің бірде-бір команда медальсіз қалған жоқ. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу