Вьетнам астанасы Ханойда локдаун мерзімі ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнам астанасы Ханойда локдаун мерзімі ұзартылды

06.09.2021

Вьетнам астанасы Ханойда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары тағы екі аптаға ұзартылды. Бұған 1,5 млн халыққа инфекцияны анықтайтын тест жасау жоспары себепші.

Ханой ковидтің тарау қаупі бойынша қызыл, сарғылт және жасыл деп үш аймаққа бөлінген. Бұл зоналарға бақылау пункттері қойылды. Ол арқылы халықтың жүріс-тұрысы бақыланады.

Айта кетсек, соңғы бірнеше айда Вьетнамда ковидтің дельта штамын жұқтырғандар қатары өскен. Ал, ел астанасында 8 миллион адамның үштен бірі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Жергілікті билік ересек тұрғындарды қыркүйектің ортасына дейін иммундалуға үндеп отыр. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу