ТМД ойындары: Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша ІІ орында келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД ойындары: Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша ІІ орында келеді

06.09.2021

Татарстан астанасы Қазан каласында Тауелсиз мемлекттер елдерінің ойындары өтіп жатыр. Аталмыш байрақты бәсеке былтыр ұйымдастырылуы тиіс еді. Аладайда әлемді жайлаған пандемия салдарынан биылға шегерілген болатын. Ойындардың басты мақсаты мемлекттердиің ынтымағын арттырып, достастығын нығайту. Аталмыш сында Қазақстан құрамасы да бақ сынауда.

Қазанда өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекттері Достастығы елдерінің ойындарында Қазақстан құрамасы жүлде саны бойынша екінші орында келеді. Апта соңына дейін өтетін байрақты бәсекеде 9 елдің өкілдері 16 спорт түрінде 184 медальдар жиынтығын сарапқа салуда. Ойындардың ашылу рәсімінде Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов қатысушыларға сәттілік тіледі. Салтанатты шарада қазақ елінің көк байрағын самбошы Дінмұхамед Зұлқарнев ұстап шықты. Алғашқы екі күнде құрама қоржынына қомақты жүлде түсті. Оның алтауы алтын.

Әлібек Нұртаев, Қазақстан делегациясының басшысы:
Қазақстан ұлттық құрама командасы 190-ға жуық спортшылармен спорттың 14 түрінен қатысып отыр. Жалпы медальдар санынан Ресей Федерациясынан кейін ұлттық құрамасыз 2-орында келе жатыр. Алдымызда оқ ату, қабырғаға ату, каратэ-до, бадминтон, көркем гимнастикадан жақсы нәтиже береміз деген үміттеміз.

Өз бәсеклерін грек-рим еркін және әйелдер күресінің шеберлері мен қатар боксшылар және белбеу күресіндегі спортшыларымыз аяқтады. Былғары қолғап шеберлерінің арасында бұрымдыларымыз тағы да жарады. Олар үш алтын,2 күміс және алты қола жүлдеге ие болды. Өз салмақтарында Анита Айдашева, Виктория Байдукова және Ұлжан Сәрсенбек алтыннан алқа тағынды.

Ұлжан Сәрсенбек, ТМД елдері ойындарының чемпионы:
ТМД турнирінде көк туымызды желбіреткеніме қуаныштымын. 2024 жылы болатын Олимпиадаға барғым келеді.

Ерлер арасында Мырзахан Мәуленов та бірінші орын алды. Белбеу күресінде де қос спортшымыз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Балымай Төлеген мен Нұрсұлтан Нұрсейіт ойындар чемпиондары атанды. Жерлестеріміздің құрметіне Қазан төрінде көк туымыз көкке көтеріліп, әнұранымыз шарықтады.

Телжан Күдеров


Хабарламаларға жазылу