«Qazaqstan-Qazsport» командасы BAQ liga-ның чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan-Qazsport» командасы BAQ liga-ның чемпионы атанды

06.09.2021
«Qazaqstan-Qazsport» командасы BAQ liga-ның чемпионы атанды

«Qazaqstan-Qazsport» командасы шағын футболдан BAQ liga журналистер біріншілігінің чемпионы атанды.

3 айға созылған IX жазғы маусым Президент телерадиокешенінің 25 жылдығына арналып, Ақорда баспасөз қызметінің қолдауымен өтті.

IX маусым А лигасының жеңімпазын анықтау соңғы турда шешілді. Чемпиондық матчта «Qazaqstan-Qazsport» командасы «Хабар» командасымен жолығып, 7:2 есебімен ойсырата жеңді.

Арнамыздың аяқдопшылары журналистер лигасынан бөлек, журналистер кубогында да қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.



Хабарламаларға жазылу