Соңғы 7 айда коронавирустан 60-тан астам жүкті әйел көз жұмған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 7 айда коронавирустан 60-тан астам жүкті әйел көз жұмған

05.09.2021

Covid-19 коронавирусы мен коронавирустық пневмония бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі ақпарына келсек, тестпен расталғандардың саны 4866, 101 адам қайтыс болған, 1537 адамның жағдайы ауыр, 420 адамның жағдайы өте ауыр. 220 адам өкпені желдететін аппаратқа қосылған. Вакциналауға келсек, екпенің екі дозасын да 5 646 747 адам салдырған.

Оксфорд университеті ғалымдарының зерттеуі аяғы ауыр кезде Covid-19 жұқтырып ауырған әйелдерде тәуекелдің жоғары екенін көрсеткен. Бұл Би Би Си порталында жарияланған мақалада жазылған. Жүктіліктің күрделі өтуі, өкінішке қарай өлім де жоғары...Ең жаманы бұл зерттеудің шын екені байқалады - аяғы ауыр келіншектердің босанғаннан соң іле шала көз жұмуы туралы естіп жүрміз.

Адам қайтыс болғаннан кейін кімнен не сұрайсың? Бір-ақ нәрсе: медицинадағы қателікті мойындатуды ешкімнің басына бермесін.

Әрине, бұл үрейлендіру үшін айтылып отырған әңгіме емес. Оксфорд университетінің сөз қылып отырған зерттеуінің авторы, ана мен бала денсаулығы институтының ғылым бағытына жетекшілік ететін профессор Арис Папа-георгиу де қорықпауға шақырады. – Көбінде жүктілік қалыпты өтіп, сау бала дүние келеді, коронавирус жұқтырса да, жұқтырмаса да, деген. Біздің мақсат - сауатты материалдармен қарулануға үндеу. Жүктілік кезінде барынша сақтануға үндеу.

Жүкті әйел вакцина алмайды. Қорғанышы жоқ. Және оның организмі бір емес, екі адамға жауап береді. Иммун жүйесі мықты дегеннің өзі әлсірейді. Демек екпе алып, өзіңізді ғана емес, өзгелердің өміріне құрметпен қараңыз дегеннің осы жағдайға да қатысы бар. Жазира Оразқызының материалы.

Хабарламаларға жазылу