Түркістан облысында бір үйдің 7 баласы әкімдік таратқан мектеп формасы шақ келмегендіктен сабақтан қалып қойған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында бір үйдің 7 баласы әкімдік таратқан мектеп формасы шақ келмегендіктен сабақтан қалып қойған

05.09.2021

Иә, арнайы зерттейтін тақырып. Сонымен бірге оқу жылы басталып та кетті алайда кейбір мектептерді жөндеп бітпегені туралы азаматтардың өздері жазып жатыр. Ақша кеш бөліне ме, әлде басқа бюрократиялық шырғалаңдар ма, ылғи сол. Системаның сықпыты. Ал бүгін тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларына беріліп жатқан мектеп формасы туралы айтсақ.

Эфирдің басында бүктеліп тұрғанда ересек адамның жейдесі сияқты көрінетін, ал ашып қалсаң, киюге келмейтін шолтиған бірнәрсені көрсеттік. Болып көріну мен шын мәніндегі болмысқа жақсы мысал деп. Ал өткенде мектеп баласына емес, олардың әкесіне шақ киімдер таратылғаны бейнеленген видеолар тарады. Түркістан облысында түсірілген. Бұл енді белден басудың шыңы шығар. Желіге тарап, қоғам естіп қойғасын ауыстырып бергенімен бұл да өзгермей жатқан болмысты сипаттайтын деталь. Данияр Қайыртайдың материалы.

Хабарламаларға жазылу