Атыраудағы драма театры өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы драма театры өртенді

22.08.2019

Атыраудағы Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында өрт шықты.  Қызыл жалынды сөндіруге 88 адам мен 21 техника жұмылдырылды.  Алдын ала болжам бойынша, мәдени нысандағы тілсіз жау, жапсарлас ғимараттағы тоқ қорабынан шыққан. Әзірге өрттің нақты шығу себебі мен қанша шаршы аумақтың жанып кеткені белгісіз. Өнер ордасы биыл ғана  800 миллион теңгеге жуық қаржыға жөнделген еді. Жергілікті билік нысанды қайта қалпына келтіреміз деп сендіріп отыр.

Әлимұхаммед Құттымұратұлы, қала әкімі:

Комиссия анықтайды. Себебін анықтағаннан кейін барып, жұмыстар жүргізілетін болады.  Әрине, қалпына келтіреміз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу