Түркістан облысында 745 мыңнан астам адам екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 745 мыңнан астам адам екпе алды

03.09.2021

Елімізде халық саны ең тығыз орналасқан Түркістан облысында екпе алғысы келетіндер қатары күн санап артып келеді. Өткен тәулікте өңірде 6 мыңнан аса адам екпе салдырған. Ал, күні бүгінге дейін 745 мыңнан аса тұрғын вакцинаның алғашқы компонентін алып үлгерген. 606 мың адамға екінші компонент салынған. Сондай-ақ, аймаққа індетке қарсы вакцинаның 791 мың дозасы жеткізілген.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу