Алматыда ертеңнен бастап карантин жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ертеңнен бастап карантин жеңілдейді

03.09.2021

Алматыда ертеңнен бастап карантин жеңілдейді. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатта қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаны жазылған. Коронавирусты жұқтыру деңгейі саябырсып, жедел жәрдем шақыру мен ауруханаға жатқызу төмендеген. Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин талаптарын жеңілдетпек. Ертеңнен бастап Ashyq жобасына тікелген барлық нысан демалыс күндері де жұмыс істей алады. Сондай-ақ, олардың жұмыс істеу уақыты түнгі 12-ге дейін ұзартылды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу