Ұлттық санақтың алғашқы күні 32 мыңнан аса адам сауалнама толтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық санақтың алғашқы күні 32 мыңнан аса адам сауалнама толтырды

02.09.2021

Ұлттық халық санағының алғашқы күні 32 мыңнан аса адам сауалнаманы онлайн толтырды. Алайда, кей азаматтар тұрғылықты мекенжайын енгізерде қиындықтарға тап болған. Мұндай кезде респондент көше атауының бірінші әріптерін теру қажет. Ал, жүйе автоматты түрде ұқсас нұсқаларын шығарады. Сонда да іздегеніңіз табылмаса көше атауын қазақ және орыс тілінде толтырып көру керек. Өйткені, мекенжай тіркеуінде көше атаулары нақты жазылған. Жалпы, sanaq.gov.kz сайты тәулік бойы жұмыс істейді. Толғандырған сұрақтар бойынша call-орталықтың 1446 нөміріне хабарласуға болады.


Хабарламаларға жазылу