Семей ядролық полигонын жабу тарихи шешім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей ядролық полигонын жабу тарихи шешім

01.09.2021

Қазақстанның ядролық қарусыздануға қосқан үлесі өлшеусіз. Бұл туралы Женевада өткен халықаралық конференцияда шетелдік сарапшылар атап өтті. Конференция Семей ядролық полигоны жабылғанының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Елбасының Семей полигонын жабу туралы шешімі мен одан кейінгі ядролық қарудан бас тартуы ерлікпен пара-пар. Қазақстан басшысының осы тарихи шешімнен кейін әлемдегі Невада, Лобнор, Жаңа жер секілді ірі полигондарда сынықтар тоқтатылды. Еліміз ядролық қаруды таратпау туралы келісімшартқа 25 жыл бұрын қол қойған еді. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері құжаттың заңды күшіне енуіне барынша қолдау танытып, жаппай қарусыздану процесіне барлық елдердің үлес қосуы керектігін баса айтты.

Татьяна Валовая, БҰҰ Женева қаласындағы бас бөлімшесінің директоры:
Қырық жыл бойы Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізілді. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы сынақ алаңын жабу туралы шешімді қабылдауы оның саяси көрегендігімен тепе-тең. Кейінгі жылдары да Қазақстан осы бағытта сан алуан бастамаларға ие болды. Әлемдегі ядролық қарудың толыққанды жойылуы үшін біз әлі де белсенді күрес жолындамыз. 


Хабарламаларға жазылу