Юрий Ильин: Жарылыс салдарын жою үшін тағы 2-3 күн керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юрий Ильин: Жарылыс салдарын жою үшін тағы 2-3 күн керек

29.08.2021

Жарылыс салдарын жою үшін тағы 2-3 күн керек. Жарылмай қалған оқ-дәрілер бар. Қауіп толық сейілмегенін ескерсек, оқиғаның эпицентрінде қайта жарылыс болуы мүмкін. Осылай деген Төтенше жағдайлар министрі оқиға орнындағы қазіргі ахуалды баяндады. Мамандар бықсып жатқан ошақтарды өшіру үшін су тасып, эвакуацияланған тұрғындарды үйлеріне қайтарумен айналысып жатыр. Оқиға орнында мүлікке келген залалды бағалайтын комиссия жұмысқа кірісті. Теміржол бойынша жүк тасымалы әлі тоқтап тұр.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Қирандыларды тазарту үшін біраз уақыт керек. Бізге оқ-дәрімен жұмыс істеп жатқан саперлердің амандығы маңызды. Асығыстық жасап, оларды қауіпке итермелей алмаймыз. Жарылыстың салдарын толық жою үшін арнайы жұмыс тобымен, әкімдікпен, Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, тағы екі-үш күн жұмыс істеу қажет болады деп ойлаймын.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу