Жамбылдағы әскери қоймада тағы да жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдағы әскери қоймада тағы да жарылыс болды

29.08.2021

Бүгін күндізгі сағат 12:20 да әскери бөлімнің аумағынан тағы дүмпу сезілді. Әскери база аумағында жұмыс істеп жатқандар аман, зардап шеккендер жоқ деген ақпарат бар. Қазір тілшіміз Данияр Асқарұлынан соңғы мәліметтерді білейік. 

Данияр Асқарұлы,   тілші:
Түске таман әскери базаның аумағынан тағы да тарс еткен қатты дыбыс естілді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, инженерлік оқ-дәрі сақталған қойма маңында адам болмаған, зардап шеккендер жоқ делінген. Әзірге оқыс оқиғаның себептері анықталуда. Ресми құрылымдар бұдан өзге ақпарат таратпады. Анығы, қазір апат аймағында арнайы қызмет мамандары бел жазбай жұмыс істеп жатыр. Із-түзсіз жоғалған 4 құтқарушыны іздестіруге жүздеген қызметкер жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, жарылыстың салдарынан 13 адам қаза тапты. Олар әскерилер мен төтенше жағдай қызметінің мамандары. Қайтыс болғандардың арасында қарапайым тұрғындар жоқ. Біз жағдайды назарда ұстап, алдағы уақытта нақты ақпарат беретін боламыз.

 Данияр Асқарұлы

Хабарламаларға жазылу