Тараз қаласына барлық бағыттағы жолдар ашық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз қаласына барлық бағыттағы жолдар ашық

29.08.2021

Тараз қаласына кіре берістегі блокбекеттер алынып тасталды. Қазір барлық бағыттағы жолдар ашық. Көлік қозғалысы қалпына келген. Жарылыстан соң қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар үйлеріне оралуда. 2 күн қараусыз қалған малына жем-шөбін беріп, қора-қопсысын тазалауды бастап кетті. Дүмпудің екпінінен тұрғын үйлерге зақым келген. Байзақ ауданына қарасты Үшбұлақ ауылында 40-қа тарта отбасы тұрады. Олар үйлеріне біртіндеп келіп жатыр. Елді мекенді полиция қызметкерлері күзетті. Қауіп сейіліп, өңірдегі жағдай тұрақталған. Арнайы мамандар әр үйге барып, тұрғындармен сөйлесіп жүр. Олар қай баспанаға қандай шығын келгенін анықтайды.

Қалдыгүл Наргеева, Үшбұлақ станциясының тұрғыны:
2 күн сол жақта болып, бүгін келдік. Әйтеуір бәрі тыныш, жақсы дегеннен кейін. Мал-жан аман, жақсы. Үйіміз орнында. Өзіміз аман болғаннан кейін малды ойладық. Ұрлап кете ма деп. Сөйтсек, бәрі орнында екен.


Хабарламаларға жазылу