Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды

29.08.2021

Жамбыл облысында қызметтік борышын атқару кезінде жанкештікпен қаза тапқан қызметкерлерге мемлекеттік наградалар берілді. Бұл туралы Мемлекет басшысының арнайы қаулысы шықты. Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені берілді.

Сондай-ақ, Қапезов Арман Қуанышұлы және Микропуло Александр Николаевичке 1-дәрежелі «Айбын» ордені берілді. Ал, Дәлібаев Оразбек Дайраұлы, Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы, Мешінбай Марат Сайлауұлы, Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы, Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы, Темірболатов Арнұр Серікұлы және Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлына 3-дәрежелі «Айбын» ордені берілді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу