Жамбыл облысындағы жарылыстан 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы жарылыстан 9 адам қаза тапты

27.08.2021

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 9-ға жетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.Әзірге көз жұмған 5 адамның аты-жөні белгілі. Олар 1981 жылы туған сержант Марат Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жанболатов, 1969 жылы туған әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Далибаев, полковник Арман Қапезов және 1992 жылы туған өрт сөндіру командасының бастығы Еркін Нәдірбеков. Қалған төрт адамның жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы да деректер іздестірілуде. Төтенше жағдайлар департаментінің 49 қызметкері ауруханаға түскен. Оқиға орнында Төтенше Жағдайлар министрлігінің жедел тобы жұмыс істеп жатыр, өрт сөндіру штабы құрылған.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу