Жапонияда Moderna вакцинасын егу тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда Moderna вакцинасын егу тоқтатылды

26.08.2021

Жапонияда америкалық «Модерна» вакцинасының 1 миллион 630 мың данасын қолдануға тыйым салынды.

Себебі, елге жақында жеткізілген 560 мыңдай екпенің 390 дозасынан бөгде зат табылған. Бірақ, оның нақты қандай элемент екені айтылмай отыр. Жапон үкіметі өкілдерінің сөзінше, бұл вакцина Испаниядағы фармацевтикалық зауытта әзірленіп жатқанда ластанса керек.

Ал, Оңтүстік Корея 18 бен 49 жас аралығындағы азаматтарын иммундауға кірісті. Қыркүйек айына дейін халықтың 50 пайызын толық вакциналау жоспарланып отыр. Бұл мемлекетте екпе салу науқаны коронавирус қайта өршіген шақта жеделдетіліп жатыр.

Құрама Штаттарға тоқталсақ мұнда, бүгінге дейін 365 миллионға жуық вакцина егілді. Оны 202 миллионнан астам адам алған. Қазір АҚШ-та екінші компонентті ектіргеннен кейін алты ай өткенде үшінші дозаны қабылдауға рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу