Дүниежүзілік банк Ауғанстанға көмек көрсетуді тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік банк Ауғанстанға көмек көрсетуді тоқтатты

25.08.2021

Дүниежүзілік банк Ауғанстанға көмек көрсетуді тоқтатты. Былтырдан бері кедей елдерге көмектесетін халықаралық қауымдастық арқылы Дүниежүзілік банк 5,3 млрд доллар жұмсаған еді. Билікке тәліптер келген кезеңнен ұйым Ауғанстанға қаржылай қолдау көрсетуді шектеді. Сәуірдегі деректер бойынша, Халықаралық даму қауымдастығы ауған жерінде құны 940 млн долларды құрайтын 12 жобаны қолға алған. Дегенмен Дүниежүзілік банк ресми сайтында 189 мемлекет Ауғанстан билігін заңды деп таппай, мемлекетке ақша бөлуге құқығы жоқ екенін жазды.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу