Зачаган кентінде үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зачаган кентінде үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді

24.08.2021

Орал қаласы Зачаган кентінде үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді. Жаңа ғимарат салынып, Әлия Молдағұлова атындағы 38 мектеп-лицейі осында көшті. Округтегі үш ауысыммен оқытатын басқа мектептің балалары да осы білім ордасына ауысты. Биыл барлығы 2 мыңға тарта бала жаңа ғимаратта білім алмақ. Мұнда 49 оқу кабинеті, соның ішінде смарт, робототехника, өнер кабинеті, 20 орындық электронды кітапхана, 2 шеберхана, көрермен залы, асхана бар. Іштегі спорт залынан бөлек мектеп айналасында спорт алаңдары салынған. Білім шаңырағы жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастауға дайын.

Шынар Сағынғалиева,  Ә.Молдағұлова атындағы 38 мектеп-лицейінің директоры:
Зачаган кентінде үш ауысымды мектептерді жою мақсатында салынған болатын. Соның ішінде инновациялық білім ордасын ашу бағытында мектеп-лицейді осында көшіріп алып келді.  Мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл түймедағы орнатылған, 50 видеокамера бар.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу