Кәсіпқой боксшы кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпқой боксшы кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

12.07.2019

Қостанайлық былғары қолғап шебері Аслан Мұқанов 32 жастағы азаматты пышақтап өлтірді деп айыпталуда. Аслан Мұқанов бокстан NBA America тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Әлемдік дәрежедегі танымал спортшының не себепті қылмысқа барғаны әзірше белгісіз.

Серік Рақышев, Қостанай аудандық Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы:

Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары кезінде оны Заречный кентінен тауып алдық. Оның сонда жасырынғанын шаруа қожалығының күзетшісі жеткізді. Осылайша қылмыстық істің ізін суытпай ашуға мүмкіндік жасалды. Қазір бұл факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу