Академик Төрегелді Шармановқа мемлекеттік сыйлық табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Төрегелді Шармановқа мемлекеттік сыйлық табысталды

20.08.2021

Белгілі академик Төрегелді Шармановқа Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының Бейбітшілік және прогресс мемлекеттік сыйлығы табысталды. Президент қол қойған сыйлықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ғалымның үйіне арнайы барып тапсырды. Салтанатты шараға Төрегелді Шармановтың жақын туыстары мен әріптестері қатысты. Академик Қазақстанның ғана емес, дүниежүзінің денсаулық саласына ерекше үлес қосқан адам. Оның бастамашы болуымен «»ХХ ғасырдың денсаулық сақтау саласының хартиясы», яғни стратегиясы қабылданды. Осы құжатта негізгі басымдық ретінде алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Бұл «Алматы» декларациясы ХХІ ғасырда да өзекті екенін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үнемі айтып келеді.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Қазақ жерінде, Алматыда қабылданғаны оның ішінде Төрегелді Шармановтың болғанын мақтанышпен айтамыз.  Төрегелді Шармановқа жасалып отырған мемлекеттің үлкен марапаты бүкіл елдің ризашылығы, халқымыздың ризашылығы деп ойлаймын. 
Төрегелді Шарманов, қазақ тағамтану академиясының президенті, академик:
Мен ойлаймын, бұл жай кезекті дүние емес. Әрбір марапат өзінің кезінде, әртүрлі жаста қарсы алады. Оның мәнін ерекше бағалау керек. Халыққа, елге, ортаңа жақсылық жасау керек, өзіңе емес. Ел үшін жасағының, өзің үшін жасағаның. Осылай ұғыну керек.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу