Қостанай облысында 280 мыңнан аса адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін қабылдады. Бұл иммундау шарасынан өтетіндердің 53 пайызына тең. Мамандардың айтуынша, соңғы айда екпе алушылардың қатары артқан. Вакциналаудан ұжым болып өтіп жатқандар да бар. Солардың бірі - шипажай қызметкерлері. Мұндағы 190 адам бәрі бірауыздан екпе салдырамыз деп шешкен. Басым бөлігі тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемелерде вакцина салдырса, қалғаны жұмыс орнында жылжымалы медициналық кешен көмегімен екпе алған.
Дина Жаманшалова, шипажай директорының орынбасары:Біз халыққа қызмет етеміз. Адамдарды емдейміз. Сондықтан вакцинаны біз бірінші боп алу керек. Бірінші, екінші компонентін бәрін алды. Бізде тек екі-ақ адам алған жоқ. Оларда көбіне аллергия.