Президент Еуро Одақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілін қабылдады

19.08.2021

Президент Еуро Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев оны жаңа қызметімен құттықтап табыс тіледі. Өз кезегінде Хакала Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишелдің сәлемін жеткізді. Онда Кеңес басшысының Қазақстан Президентін жыл соңына дейін Брюссельге шақыратыны айтылған. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуро Одақпен сауда -экономикалық және инвестициялық байланыстарды жоғары бағалайтынын айтты. Қазақстан Одақтың Орта Азиядағы басты сауда серіктесі. Былтыр екіжақты сауда айналымы 24 миллиард долларға жуықтады. Кездесуде Ауғанстандағы жағдай да сөз болды. Мемлекет басшысы әскери-саяси ахуалға қарай туындаған сын-қатерлерге алаңдайтынын жеткізді.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу