Алматыда той кортежімен қыдырып жүрген жастар екі полицейді қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда той кортежімен қыдырып жүрген жастар екі полицейді қағып кетті

03.07.2019

Алматыда той кортежіне шыққан жастар екі полицейді қағып кетті.

Тәртіп сақшысының видеожетонына түсіп қалған мына бейнетаспада заң бұзғандардың әрекеттері анық көрініп тұр. Жол ережесін сақтамай, полицейлерге бой бермей қашқан көлік жүргізушілеріне Әл-Фараби мен Луганскі көшелерінің қиылысында тосқауыл қойылған. Алайда, олар оны да елемеген. Желіккен жастардың көлігі полиция капитаны Бугаловты қағып кеткен. Ал  полиция лейтенанты Қилыбаев дер кезінде қашып үлгергендіктен ғана дене жарақатын алған. Абырой болғанда, тәртіп сақшылары аман. Артынша, жол ережесін бұзғандар ұсталды. Енді олар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

 

Үш автокөлік жүргізушісіне қатысты кем дегенде 4-5 құқық бұзушылақтар үшін хаттамалар толтырылды. Лада проиора автокөлігінің жүргізушісі 96 жылғы Х есімді азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды яғни билік өкіліне дене жарақаттарын келтіру деректері бойынша қылмыстық кодекстің 380 бабының 1 тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу