Ауғанстаннан 25 отандасымыз елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстаннан 25 отандасымыз елге оралды

18.08.2021

Бүгін 25 қазақстандық азамат Ауғанстаннан елге жеткізілді. Әскери ұшақпен келгендердің арасында елшілік қызметкерлері де бар. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сондай ақ Қырғыз елінің өтініші бойынша көрші елдің 14 азаматы ұшып келді. Гуманитарлық операция барысында Ресей мен Литваның 2 азаматы да Алматыға жеткізілді. Олар елшілікке өтініш білдірген. Елге жеткізілген 25 отандасымыздың 10-ы бала.

Қайратбек Жақыпов, Алматыдағы Қырғызстан консулы:
Қырғыз азаматтары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери ұшағымен аман-есен жетті. Қауіпсіз эвакуациялау үшін бауырлас Қазақ еліне және ведомствоға ризашылығымызды білдіреміз.

Эвакуациялау шарасынан соң Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз елінің Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Ол Ауғанстаннан Қырғыз азаматтарын, соның ішінде дипломаттарды қайтаруға көмек көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және ел Үкіметіне алғыс білдірді. Министрлер Ауғанстандағы ахуалды бақылау бойынша өзара іс-қимыл жасау мен мәселелерді шешудегі бірлескен шаралар туралы уағдаласты.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу