Алматыда коронавирустан 1 айлық шақалақ шетінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирустан 1 айлық шақалақ шетінеді

17.08.2021

Алматыда коронавирустан бір айлық шақалақ шетінеді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтты. Нариман Табынбаевтың сөзінше, Дельта штамының тарауымен балалар арасында өлім-жітім дерегі көбейген. Қаладағы соңғы эпидахуалды дәл қазір Жазира Оразқызы баяндайды.

Жазира Оразқызы, тілші: 
Соңғы уақытта балалар арасында коронавирус жұқтыру көбейген. Бүгінде ауруханалара 195 бала емделіп жатыр. Ал вирус жұқтырған 2540 бала үй карантинінде. Осыдан 2-3 ай бұрын Альфа яғни, британ штамы тараған кезде ауруханаларда 30-40 баладан аспайтын. Ал осыдан бір апта бұрын ең көп жағдай тіркелге. 245 бала коронавирус жұқтырған. Өкінішке қарай, бір ай бұрын бір нәресте шетінеген. Бас санитарлық дәрігер Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидхауалдың күрделеніп жатқанын айтып, той-томалақ, отбасылық жиындарды тоқтатуға шақырып отыр.
Жандарбек Бекшин, қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері: 
2,1 пайызға өсу байқалып отыр. Бәрімізге мәлім, тамыз айынан бастап барлық өңірлерде тойлар көбейіп жатыр. үйлену тойлары бар күзде басталатын. Тойларда жұқтыру 2 пайыздан көбейді.
Жазира Оразқызы, тілші: 
Сондай-ақ Жандарбек Бекшин Алматыда эпиджағдай күрделене түссе, мектептер онлайн білім беру жүйесіне көшірілу мүмкін екендігін ескертті. Айтуынша, егер сыныпта коронавирус жұқтырған оқушы анықталатын болса, онда оқушылар онлайн режимге ауыстырылады. Егер оқушылар мен мұғалімдердің 20 пайызы вирус жұқтырса карантин емес, мектеп толығымен жабылады. Оқушылардың жартысы оқып, жартысы оқымаса карантин болады. Айта кетейін, Алматыда карантин тағы екі аптаға ұзартылды.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу