Жоғары оқу орындарының оқытушылары кемінде 200 мың теңге алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғары оқу орындарының оқытушылары кемінде 200 мың теңге алады

16.08.2021

Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы биыл қыркүйегінен бастап артады. Олар кемінде 200 мың теңге алатын болады. Бұл штаттағы ұстаздарға реттеп берілетін ең төмен жалақы мөлшері. Тиісті бұйрыққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды. Мұның алдында министр егер оқытушылардың еңбекақысы көтерілген жағдайда, олардың педагогикалық жүктемесі төмендетілуі керек дегенді айтқан болатын. Бұл мұғалімдердің ғылыми қызметпен айналысуға көбірек көңіл аударуларына септігін тигізеді. Бұрын ең төменгі жалақы мен сағаттық жүктемеге қойылатын талап заңмен реттелмеген. 

Хабарламаларға жазылу