Қазақстан Ауғанстанға құны 228 млн доллардан асатын тауар экспорттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Ауғанстанға құны 228 млн доллардан асатын тауар экспорттаған

16.08.2021

Биыл Қазақстан Ауғанстанға құны 228 млн доллардан асатын тауар экспорттады. Алайда бір жылда экспорт үлесі 15 процентке төмендеген. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, саудада әсіресе бидай мен ұнның үлесі жоғары. Сонымен бірге газ, күнбағыс майы, күріш пен бұршақ дақылдары тасымалданған. Ал Ауғанстаннан келетін тауар көлемі керісінше былтырға қарағанда 2,3 есеге артқан. Дегенмен небары 1,7 млн долларға тауар импортталған. Оның үштен бірі кептірілген жүзім. Сонымен бірге бұл елден тұрмыстық заттар мен картоп жеткізілген. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу