«Болашақ» стипендиясына мыңнан астам өтініш қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» стипендиясына мыңнан астам өтініш қабылданды

13.08.2021

«Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алуға ниетті азаматтардан мыңнан астам өтініш қабылданды. Стипендиялар маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады. Биыл «Болашақ» бағдарламасымен оқуға 1055 стипендия бөлінген. Оның 555-сі магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша беріледі. Ал қалған 500-і «ғалымдар» санатына тиесілі. Осы «ғалымдар» санаты ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, жыл сайын 500 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамаға жіберу үшін енгізілген. Айта кетейік, халықаралық бағдарламаға құжаттарды қабылдау 28 қазанға дейін жалғасады. Конкурстық іріктеу процестері толығымен автоматтандырылған және eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.   

Хабарламаларға жазылу