Павлодар облысында істі болған адамдар мектеп басқарған
Павлодар облысында бұрын қылмыс жасап, істі болған адамдар мектеп басқарған. Олардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапқа тартылған болса, екіншісі адам өлтірген. Бірақ аса ауыр қылмысты жасаған кезде күйзелісте болғаны анықталып, медициналық сараптамалар негізінде қылмыстық іс тоқтатылған екен. Дегенмен сот тарапынан оқытушылық қызметпен айналысуға тыйым салынған болып шықты. Соған қарамастан бұл адамдардың мұғалімдік жұмысқа қалайша қабылданғаны белгісіз. Ал сол кездегі жауапты тұлғалар зейнеткерлік демалыста немесе басқа жұмысқа ауысқан.
Ардақ Балғожин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының 1-орынбасары:Әрине бұл адамдар ондаған жылдар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аққулы ауданында кісі өлтірген адам директор тұрмақ мұғалімдік жұмысқа алынбауға тиіс еді. Ал, екіншісі алдымен оқу ісінің меңгерушісі, одан кейін директор болған. Бұл деректер анықталысымен екеуіде дереу жұмыстан қуылды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізі мен Жайық өзенінің экологиялық мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:56
5 маусым - Экологтар күні
05.06.2026, 20:54
Солтүстікте агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:52
«Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
05.06.2026, 20:50
Әскердегі жасанды интеллект: Болашақ сарбазы қандай болады?
05.06.2026, 20:47
Қазақстанға әйгілі Du Soleil циркі келді
05.06.2026, 20:44
«Хезболла» тобы ымыраны қолдамады
05.06.2026, 20:10
Эболадан қаза тапқандар саны 60-қа жетті
05.06.2026, 20:09