Сәкен Бибосыновты түркістандықтар ыстық ықыласпен қарсы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәкен Бибосыновты түркістандықтар ыстық ықыласпен қарсы алды

09.08.2021

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов бүгін Түркістан қаласына ұшып келді. Боскшыны әуежайда жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды

Боскшыны әуежайда жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды. Күтіп алушылардың арасында спортшының тұңғыш бапкері мен анасы да бар. Ұлының жетістігіне қуанған анасы көз жасына ерік берді. Әуежайда Олимпиада жүлдегерінің құрметіне орай шашу шашылып, тіпті су жаңа автокөліктің кілті сыйға тартылды. Сайрамдық боксшы Токиода өткен Олимпиада ойындарында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу