Арыс: Ауадағы радиация мөлшері қалыпты деңгейде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс: Ауадағы радиация мөлшері қалыпты деңгейде

09.08.2021

Арыс стансасындағы өрттен кейін ауадан алынған сынаманың қорытындысы шықты. Мамандар ауадағы радиация мөлшерінің қалыпты деңгейде екенін анықтады. Осыдан үш күн бұрын жүк вагондарына тиелген фосфор жанып, Наурыз шағын ауданы көк түтінге оранған еді. Жергілікті билік халықты қауіпсіз жерге көшіруге мәжбүр болды. Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы өкілдері алдын ала болжам бойынша өрт жүкті тиеу кезінде техникалық талаптарды сақтамағаннан шықты деп отыр. Қазір арнайы комиссия құрылып, тексеру жүріп жатыр.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу