Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 140 науқас қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 140 науқас қайтыс болды

09.08.2021

Енді елдегі эпидахуалға ойыссақ. Жағдай әлі де күрделі. Қазір 16 өңір «қызыл» аймақта тұр. «Сары» аймақта тек Түркістан облысы ғана.

Ал, кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 140 науқас қайтыс болды. Күн сайын вирус жұқтырғандар да артып жатыр. Кеше тағы 7 671 адам ауруға шалдықты. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 76 адам шалдыққан. Қазір 113 мыңнан астам тұрғын ем алып жатыр, 2 мыңға жуығы ауыр жағдайда. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 750 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу