Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талаптары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин талаптары күшейтілді

06.08.2021

Жаңа ережеге сай тамыздың 16-сына дейін Нұр-Сұлтанда Ashyq қосымшасын қолданбаған мекемелердің қызметі тоқтатылады. Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау, денсаулық сақтау мекемелері, дүкендер мен дәріханалар бұл тізімге кірмейді. Сондай-ақ, көлік жуу, тігін цехтері, химиялық тазалау, туристік компанияларға Ashyq қосымшасынсыз қызмет көрсетуге рұқсат берілген. Қоңыр-қызыл аймақтан қызыл аймаққа ауысқан Нұр-Сұлтанда карантин талабы қатаң сақталады. Алматы қою қызыл аймақтан шыға алмай тұр. Қалада сенбі мен жексенбі күндері кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады.


Хабарламаларға жазылу