Солтүстік Қазақстан облысында мал азығын дайындау бойынша жедел штаб құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында мал азығын дайындау бойынша жедел штаб құрылды

06.08.2021

Солтүстік Қазақстан облысында мал азығын дайындау жұмыстарын үйлестіру бойынша жедел штаб құрылды.

Өңірдегі төрт түліктің саны 900 мыңнан асады. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше биыл 135 мың гектар жерге шөп егілген. Қазір қыс мезлігіне қажет шөптің 68 пайызы әзірленді. Алайда, дәл қазір өңірде мал азығы тапшы , қуаңшылықтың салдарынан жем-шөп үш есеге дейін қымбаттап кеткен. Шөптің бір орамасы екі жарым мың теңгеден сатылып жатыр. Жергілікті атқамінерлер аудандарда жәрмеңке ұйымдастырып, бағаны тұрақтандыруға тырысып бағуда.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу